Accessibility links

Қазақстан мен Қытай 10 млрд доллардың келісімін жасасты


Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

Қазақстан мен Қытай үкіметі 10 миллиард доллардан асатын коммерциялық жоба құжаттарына қол қойды.

Қазақстан премьер-министрінің ресми сайтында 14 желтоқсанда хабарланғандай, премьер-министр Кәрім Мәсімов 13 желтоқсанда Пекинде қазақстан-қытай іскерлік кеңесінің 3-отырысына қатысқан. Отырыс қорытындысында "Қазақтелеком" компаниясы мен China Telecom Global Limited компаниясы арасында, "ҚазМұнайГаз" компаниясы мен Sinopec корпорациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған.

Бұған қоса Kazakhstan Petrochemical Industries.Inc компаниясы мен China National Chemical Engineering Co.Ltd компаниясы арасында Атырау облысында біріккен газ-химия кешенін салу туралы келісім жасалған.

XS
SM
MD
LG