Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкцияны ұзартпақ


ЕО туы. (Көрнекі сурет).
ЕО туы. (Көрнекі сурет).

Еуропа Одағының (ЕО) жоғары шенді өкілі Азаттыққа "ЕО 21 желтоқсан күні одаққа мүше елдер елшілерінің кездесуінде Ресейге қарсы санкцияларды тағы жарты жылға ұзартпақ ниетте" екенін хабарлады. Осылайша Ресейдің қаржы, мұнай және қорғаныс саласы мен кейбір жекелеген шенеуніктеріне салынған санкциялардың күші 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзаруы мүмкін.

Өткен аптада санкцияны ұзарту жоспары бұл мәселені жоғары деңгейде талқылауға шақырған Италияның ұсынысымен кейінге қалдырылған болатын.

Ресейге қарсы санкциялар 2014 жылдың қыркүйегінде Мәскеу Қырымды аннексиялап, Украина шығысындағы сепаратистерге қолдау көрсеткеннен кейін салынған. Санкциялар мерзімі 21 қаңтар күні аяқталады.

XS
SM
MD
LG