Accessibility links

Чехия Ирак христиандарын қабылдауға келісті


Мигранттар. (Көрнекі сурет).
Мигранттар. (Көрнекі сурет).

Чехия үкіметі Ирактағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымынан бас сауғалап келген, христиандықты ұстанатын 37 отбасын паналатуға дайын екенін хабарлады. Чехия премьер-министрі Богуслав Соботка оларды "ИМ-нің Ирактағы шабуылынан қиын жағдайға тап болып, Чехиядан көмек сұраған христиан азшылығы өкілдері" деп атады.

Оның сөзінше, биыл қаңтар айынан келесі жылдың сәуіріне дейін елге жиыны 153 адам келмек. Қазір олар Күрдістан мен Ливанда. Барлық бюрократиялық процедуралардан өткен ондаған босқынды есептемегенде бұл адамдар Прага қабылдауға келіскен алғашқы ирактық босқындар атанбақ.

Өткен аптада Словакияға 149 ассириялық христиан барған.

XS
SM
MD
LG