Accessibility links

Доллардың биржадағы бағасы 337 теңгеден асты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгін таңертеңгі сауда сессиясында доллардың орташа бағамы 337 теңге 80 тиынға жетті. Бұл кеше таңертеңгі сауда сессиясындағы орташа бағамнан 15 теңге 33 тиынға артық.

Алматыдағы ақша айырбастау орындары мен банктерде доллар 337-340 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан валютасы биыл жыл басынан бері долларға шаққанда 80 пайызға арзандады. Қазақстан билігі теңге бағамының құлдырауын әлемде мұнай мен шикізат бағасы арзандап, бюджет кірісінің азаюымен түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG