Accessibility links

Қазақстан адам дамуы индексінде 14 орынға көтерілді


Аманкелді ауылында су тасып жүрген балалар. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Аманкелді ауылы. 21 қыркүйек, 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Аманкелді ауылында су тасып жүрген балалар. Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, Аманкелді ауылы. 21 қыркүйек, 2014 жыл. (Көрнекі сурет).

Қазақстан БҰҰ-ның 2015 жылға арналған адам дамуы индексінде (Human Development index) 70-орыннан 56-орынға көтерілді.

БҰҰ адам дамуы жөніндегі индексін түзгенде негізінен тұрғындардың өмір сүру сапасы, сауаттылығы және өмір жасының ұзақтығын бағалайды. Өмір сүру сапасы мемлекеттің жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс көлемімен есептеледі.

БҰҰ индексінде Қазақстан 0,788 ұпаймен адам дамуы қарқыны жоғары елдер тізіміне кірген. Индексте Қазақстанда тұрғындардың орташа өмір жасының ұзақтығы 69,4 жыл, азаматтардың білім алуға кететін уақыты 11,4 жыл болғаны айтылады. 2015 жылы Қазақстанда жан басына шаққандағы жалпы ұлттық табыс 20 мың 876 доллар болған.

Адам дамуы индексінде алдыңғы орындарда Норвегия, Австралия, Швейцария, Дания, Нидерланд орналасқан.

XS
SM
MD
LG