Accessibility links

Назарбаев: Қазақстанды күрделі жол күтіп тұр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін тұрғындарды елдегі "қауіпсіздік пен бейбітшілікті бағалауға" және "тұрақтылық бағытынан айнымауға" шақырды. Астанада тәуелсіздік күніне орай "Астана Опера" театрында өткен жиында сөйлеген Назарбаев әлемде бір миллиардтан астам адам қақтығыс пен соғыс жүріп жатқан тұрақсыз аймақтарда өмір сүретінін, жүздеген миллион адамның баспанасы, жұмысы және тамағы жоғын айтты.

Назарбаев Қазақстанды "бұрын және қазіргіден де күрделі жол күтіп тұрғанын" айтты. Оның сөзінше, тарих "тек жеңіс хронологиясынан тұрмайды", ал дағдарыс адамды жеңіске жетуге үйретеді.

Қазақстан 16-17 желтоқсанда тәуелсіздік күнін тойлайды.

XS
SM
MD
LG