Accessibility links

АҚШ конгресі мұнай экспорты эмбаргосын бұзбақ


АҚШ өкілдер палатасы спикері Пол Райан. Вашингтон, 8 желтоқсан 2015 жыл.

АҚШ өкілдер палатасы спикері Пол Райан. Вашингтон, 8 желтоқсан 2015 жыл.

АҚШ конгресі басшылары бұл елден мұнай экспорттауға қатысты 40 жыл бұрын салынған эмбаргоны алып тастау жайын келісті.

Өкілдер палатасы спикері Пол Райанның сейсенбі күні кешке төменгі палатаның жабық отырысында мәлімдеуінше, 17 желтоқсанда бюджеттің триллион доллар көлеміндегі шығындары мен мерзімі өткен салық жеңілдіктері жайлы заңға дауыс берілмек.

Мұнай экспорттауға салынған тыйымды алып тастауға қоса қалпына келетін энергия көздеріне қатысты жеңілдетілген салық мәселесін ұзарту да қарастырылмақ.

XS
SM
MD
LG