Accessibility links

Ресей шетелдік жұмысшылар квотасын азайтпақ


Ресейдегі мигранттар. Красноярск маңы, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Ресейдегі мигранттар. Красноярск маңы, 7 қыркүйек 2015 жыл.

Ресей үкіметі 2016 жылы шетелдік жұмысшыларға бөлінетін квотаны 22 пайызға азайтты деп хабарлады елдің министрлер кабинеті. Қаулының мәтіні үкіметтің ресми сайтында жарияланған.

Бұған дейін Ресей еңбек министрлігінің ведомство аралық комиссиясы елдің шетелдік жұмысшыларға мұқтаждығы 20 пайызға - 214 мың адамға кемігенін мәлімдеген.

Федералдық көші-қон қызметі "Ресей экономикалық дағдарыс пен рубль девальвациясына қарамастан еңбек мигранттары көп келетін ел болып қала берді, 2015 жылы 16 миллиондай шетелдік (көбісі ТМД-дан) жұмысшы келді" деп хабарлаған.

XS
SM
MD
LG