Accessibility links

Босния-Герцеговина ЕО-ға кіруге өтініш бермек


Босния-Герцеговина президиумының басшысы Драган Кович.
Босния-Герцеговина президиумының басшысы Драган Кович.

Босния-Герцеговина президиумы басшысы Драган Кович өз елі қаңтар айында Еуропа Одағына (ЕО) кіруге өтініш беретінін мәлімдеді. Бұған дейін ЕО басшылығы Босния-Герцеговина жүргізген реформаларға оң баға берген болатын.

Босния-Герцеговина ЕО-мен жақын байланыс орнату туралы Тұрақтылық және ассоциация келісіміне 2008 жылы қол қойған. Бірақ келісім Германия мен Ұлыбритания экономикалық дамуды арттыру туралы жаңа бастама көтерген 2015 жылдың қаңтарына дейін ратификацияланбаған еді.

Босния-Герцеговина ЕО-ға кіру процесінде Балқан түбегіндегі көршілес елдерден артта қалып келеді. Егер өтініші қабылданса, онда Босния-Герцеговина ЕО-мен алда әлі күрделі келіссөз жүргізеді.

Сарапшылардың көпшілігі этникалық тұрғыдан орталықсызданып, экономикалық жағынан артта қалған Боснияның ЕО-ға 2025 жылға дейін кіруі екіталай дейді.

XS
SM
MD
LG