Accessibility links

АҚШ: Иранның кейбір санкциясы қаңтарда алынуы мүмкін


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ Иранға салынған экономикалық санкцияларды біртіндеп алатын алғашқы қадам жасады. Сенаттың халықаралық қатынастар комитетінің мүшесі, демократ Бен Кардин сенатта өткен тыңдауда Иранның "халықаралық келісім талаптарына сай келуі әбден мүмкін екенін" және кейбір санкциялары "қаңтар айында-ақ жойылуы мүмкіндігін" мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри комитетке Тегеран ядролық бағдарламасы жайлы халықаралық келісім бойынша өз міндеттерін "транспарентті және сенімді түрде" орындап жатқаны жайлы хат жолдаған.

АҚШ президенті әкімшілігі әуелде Иран келісім талаптарын санкция жұмсаратындай етіп орындау үшін көктемге дейін уақыт қажет деген.

Иран мен әлемдік алты держава шілдеде Тегеранның ядролық бағдарламасын шектеп, есесіне бұл елге салынған санкцияларды жұмсарту туралы келісім жасасқан.

XS
SM
MD
LG