Accessibility links

Сот SCAT шағымы бойынша журналисті ақтады


Scat компаниясының жарнамасы. (Көрнекі сурет).
Scat компаниясының жарнамасы. (Көрнекі сурет).

Алматы қаласының Бостандық аудандық соты SCAT әуе компаниясы "жала жапты" деп айыптаған журналист Сергей Кимді ақтады деп хабарлайды informburo.kz сайты.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания Кимнің "жала жапқанын дәлелдей алмаған". Судья Елена Кван сот журналиске "жала жабу" айыбымен сотқа тартылғаны үшін кешірім сұрайтынын айтып, SCAT компаниясын Сергей Кимге сот шығындары үшін 300 мың теңге қаржы төлеп беруге міндеттейтін шешім шығарған.

"Радиоточка" порталының журналисі Сергей Ким маусым айында SCAT компаниясы "әлемдегі ең қауіпті компаниялардың бірі" екендігі туралы мақала жариялаған. Бұдан соң компания журналисті "тексерілмеген және шындыққа сай келмейтін, компанияның іскерлік беделіне нұқсан келтіретін" ақпарат таратты деп сотқа шағымданған.

XS
SM
MD
LG