Accessibility links

Тәжік парламенті "ұлт көшбасшысы" туралы заң жобасын қолдады


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон.

Тәжікстан парламентінің жоғарғы палатасы президент Эмомали Рахмонға "ұлт көшбасшысы" мәртебесін беретін заң жобасын мақұлдады. "Ұлт көшбасшысы - бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы туралы" заң жобасы 16 баптан тұрады. Онда "бейбітшіліктің, ұлттық бірліктің негізін салушы жіне ұлт көшбасшысы" ұғымдарына түсінік беріліп, президент тұлғасына қол сұғылмайтындығы туралы айтылған. Құжатта "ұлт көшбасшысының құқығы мен артықшылықтары да қарастырылған.

Заң жобасын жасағандардың айтуынша, құжаттың мақсаты конституциялық құрылым негіздерін нығайту және Тәжікстанның барлық игі бастамаларын қорғау болып саналады.

Тәжікстан парламентінің төменгі палатасы заң жобасын 9 желтоқсанда мақұлдаған. 2013 жылы президент сайлауына қатыстырылмаған тәжік құқық қорғаушысы Ойнихол Бобоназарова заң жобасын "демократияны мысқылдау" деп атаған.

Заң жобасы енді президенттің қол қоюына жіберілді.

XS
SM
MD
LG