Accessibility links

БҰҰ ҚК Сирия жайлы қарарды бірауыздан қабылдады


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысы. (Көрнекі сурет.)

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі отырысы. (Көрнекі сурет.)

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жұма күні өткізген отырысында Сириядағы жағдайды саяси жолмен бейбіт реттеу туралы қарарды бірауыздан мақұлдады.

Оның алдында Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі Сирияда атысты тоқтату және ұлттық бірлік үкіметін құрудың екі жылға арналған жоспарын қуаттайтын құжат мәтінін мақұлдаған еді. Жоспар бойынша, Сирия билігі мен оппозициясы арасындағы келіссөздер 2016 жылы қаңтарда басталуы тиіс.

Жұма күні Нью-Йоркте Сирияны қолдау халықаралық тобының кездесуі өтті. АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің бастамасы бойынша шақырылған жиынға топ құрамына енетін 17 елдің сыртқы істер министрлері, сонымен бірге Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров және БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура қатысқан. Кездесуде Сирияда президент Башар Асад режимі мен қарулы оппозиция арасында бейбіт бітімге келу жолдары мен келіссөздер өткізу мәселесі талқыланған.

XS
SM
MD
LG