Accessibility links

Еуропа Одағы Ресейге санкцияны алты айға созды


Брюссельдегі Еурокомиссия штаб-пәтері алдындағы АҚШ пен Еуропа Одағы тулары. (Көрнекі сурет.)
Брюссельдегі Еурокомиссия штаб-пәтері алдындағы АҚШ пен Еуропа Одағы тулары. (Көрнекі сурет.)

Еуропа Одағы (ЕО) Ресей салынған экономикалық санкциялар мерзімін тағы алты айға – 2016 жылғы шілденің соңына дейін ұзартты. Бұл туралы шешімді жұма күні Брюссельде ЕО-ға мүше 28 елдің тұрақты өкілдері қабылдаған.

Егер желтоқсанның 21-іне дейін ЕО-ға мүше елдердің ешбірінен жазбаша қарсылық түспесе, бұл шешім түбегейлі күшіне енеді. Бұған дейін Италия Ресейге санкцияны ұзарту қажеттігіне күмәнді екенін бірнеше рет мәлімдеген, бірақ кейін одаққа мүше елдердің көпшілігінің қысымымен Рим шектеуді ұзартуға келіскен.

Санкция мерзімін ұзартуға, ЕО өкілдерінің пікірінше, Ресейдің Шығыс Украинадағы жанжалды бейбіт реттеу туралы Минск келісімдерінің талаптарын орындамай, сепаратистерді белсенді қолдап отырғаны себеп болған.

Ресей мұны үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Бұған дейін ЕО Ресейдің энергетика және банк салаларына, сонымен бірге қорғаныс өнеркәсібі салаларына 2016 жылғы қаңтардың 31-іне дейін шектеу салған болатын.

XS
SM
MD
LG