Accessibility links

Еурокомиссия: Украина мен Грузия визасыз қатынасқа дайын


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Жұма күні Брюссельде өткен Еуропа Одағы саммитінде сөйлеген Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер 2016 жылдың басында Еуропа Одағы кеңесі (ЕО министрлер кеңесі) мен Еуропарламентке Украина мен Грузия азаматтарына виза тәртібін өзгерту жайлы заңға өзгеріс енгізу ұсынылатыны туралы мәлімдеді.

Бұл ұсыныс жүзеге асқан жағдайда Украина мен Грузия азаматтары биометрикалық төлқұжатпен Еуропа Одағы аумағына визасыз келу құқығына ие болмақ.

Юнкер Украина мен Грузия виза тәртібін жұмсартуға қатысты ЕО тарапынан қойылған барлық шартты орындағанын атап өткен.

Еурокомиссия басшысы сонымен бірге тура осы мәселеге қатысты Косово да ЕО талаптарын орындағанын айтқан.

XS
SM
MD
LG