Accessibility links

Луганскіде Иосиф Сталинге ескерткіш ашылды


Луганскіде совет жетекшісі Иосиф Сталиннің мүсінін ашу рәсімі.
Луганскіде совет жетекшісі Иосиф Сталиннің мүсінін ашу рәсімі.

Украинаның шығысындағы ресейлік сепаратистер бақылауындағы Луганск қаласында совет жетекшісі Иосиф Сталиннің мүсінін ашу рәсімі өтті деп хабарлады «Луганский радар» ақпараттық порталы.

СССР тұсында өз елінің азаматтарын жаппай қуғын-сүргінге салған басшының қоладан жасалған бейнесі жергілікті «Союз коммунистов Луганщины» қоғамдық қозғалысының кеңсесі аумағына орнатылған.

Жаңа жыл қарсаңында Луганскіге балаларды мерекемен құттықтау үшін және өзін-өзі жариялап алған «Луганск халық республикасындағы» ахуалмен танысуға Ресей федерациясы коммунистік партиясы (КПРФ) өкілдері келгені туралы хабарланды.

Ресейлік делегация өкілі Казбек Тайсаевтың сөзінше, Сталинге ашылған ескерткіш – бұл «бәріміз бірігіп, бәрібір орнататын ұлы елге деген құрмет».

«Және бұл бауырлас елдердің ұлы одағы болады, оған орыстар да, украиндар да, беларустар да және біздің ұлы елімізде өмір сүрген 200 ұлттың бәрі енеді» деп мәлімдеген Тайсаев.

Иосиф Сталин Совет одағында жаппай қуғын-сүргінді ұйымдастырған және оны өзі қайтыс болған 1953 жылға дейін жалғастырған диктатор ретінде танымал.

XS
SM
MD
LG