Accessibility links

Ауа райына байланысты кей облыстарда жол жабылды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Сенбі күні ауа райының бұзылуына байланысты Қазақстанның бірқатар аймақтарында жол қатынасына шектеу қойылды деп хабарлады Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар қызметі.

Ақпаратқа сәйкес, Астана-Павлодар, Астана-Қарағанды және Астана-Көкшетау тас жолдарында көлік қозғалысы тоқтатылған.

Төтенше жағдайлар қызметі бүгін Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жел тұрып, Жамбыл облысында тұман мен көктайғақ, Қарағанды облысында бұрқасын болады деп ескертті. Сонымен қатар, 19-21 желтоқсан аралығында Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында - 30-35 градусқа дейін аяз болса, елдің оңтүстігінде - 12-17 градусқа, кей жерлерде -20-25 градусқа дейін күн суытады деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG