Accessibility links

Әзербайжан гендік құрамы өзгерген өнімдер әкелуге тыйым салды


Бакудегі ет базары. (Көрнекі сурет.)

Бакудегі ет базары. (Көрнекі сурет.)

Әзербайжан парламенті шетелден гендік құрамы өзгеріске ұшыраған темекі өнімдерін, мақтадан жасалған тауарлар мен шарап әкелуге тыйым салуды мақұлдады. Депутаттардың басым бөлігі «Темекі және темекі өнімдері», «Жүзім шаруашылығы және шарап өндіру туралы», «Мақта шаруашылығы туралы» заңдарға тиісті өзгерістер енгізуді қолдап дауыс берген.

Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, гендік құрамы өзгертілген өсімдіктерден немесе биотехнология және гендік инженерия көмегімен жасалған темекі, мақтадан жасалған бұйымдар мен шарап өнімдері импортына тыйым салынады. Сонымен бірге, гендік құрамы өзгеріске ұшыраған өсімдіктер негізінде әзірленген тауарлар мен бұйымдар сауда орындарынан тәркіленетін болады деп хабарлайды Trend агенттігі.

Биыл сәуірде Әзербайжан парламенті комитеті гендік құрамы өзгертілген өсімдік өсіргені немесе сондайдан жасалған өнімдерді сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді ұсынған еді. Қылмыстық кодекстегі жаңа бапта әлгіндей іс-әрекетіне байланысты жауапқа тартылған адамға бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау қарастырылған.

XS
SM
MD
LG