Accessibility links

Иракта ИМ-нің 200-ге жуық содырының көзі жойылған


Халықаралық коалицияның Бағдаттағы баспасөз хатшысы, АҚШ жаяу әскері полковнигі Стив Уоррен.
Халықаралық коалицияның Бағдаттағы баспасөз хатшысы, АҚШ жаяу әскері полковнигі Стив Уоррен.

АҚШ бастаған халықаралық коалиция, Ирактың солтүстігінде жүргізген ірі әуе операциялары нәтижесінде, «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобындағы екі жүздей содырдың көзін жойған. Бұл туралы 18 желтоқсанда АҚШ әскерилері жариялаған.

Халықаралық коалицияның Бағдаттағы баспасөз хатшысы, АҚШ жаяу әскері полковнигі Стив Уорреннің хабарлауынша, 16 желтоқсанда Ирактың Ниневия провинциясында Пешмерга күрдтер жасағына қарсы ИМ-нің 500-дей қарулы содыры үлкен шабуыл бастаған. Халықаралық коалиция оларға әуеден жүзге тарта бомба тастап, соққы берген.

«Тек әскери-әуе күштері соққысынан олардың 200-ге жуығы, соңғы деректер бойынша – 187 содырдың көзі жойылған» деп хабарлады Уоррен журналистерге видеоконференция барысында.

«Осылайша, бұл – дұшпанға берілген маңызды соққы. Әзірше біздің қолымызда біршама ұзаққа созылған шайқас барысында Пешмерга жасағының дұшпанды қаншалықты ойсыратқаны туралы толыққанды есеп жоқ, бірақ айтарлықтай соққы бергені анық» деген ол.

Полковник Уорреннің сөзінше, бұл экстремистердің мамыр айында Рамадиді басып алғалы бері жасаған ең ірі шабуылы болған.

XS
SM
MD
LG