Accessibility links

Қазақстан мен Куба визасыз қатынас келісіміне қол қойды


Гавана көшесінде. 16 қыркүйек 2015 жыл.

Гавана көшесінде. 16 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстанның Кубадағы елшісі (бұл міндетті қоса атқарады) Константин Жигалов және Куба сыртқы істер министрі орынбасары Рохелио Сиерра Гаванада Қазақстан мен Куба азаматтарының екі ел арасында қысқа мерзімге визасыз барып-келуіне жол ашатын үкіметаралық келісімге қол қойған. Бұл туралы бүгін «Қазақпарат» ресми агенттігі хабарлады.

Ақпаратта Қазақстан мен Куба өзара ресми байланысты дамытып жатқаны айтылған.

«Кубалық «Лабиофам» жетекші фармацевтикалық компаниясының қазақстандық серіктестерімен іскерлік байланыстары дамып келеді, соның аясында Қазақстанда биыл кубалық үш медициналық дәрі-дәрмек тіркелді, жақын арада тағы екеуі тіркеуден өтпек» деп хабарлайды «Қазақпарат».

XS
SM
MD
LG