Accessibility links

Түркия: Ирактың солтүстігінен әскерімізді әкетеміз


Түркия сарбаздары мен әскери техникасы. (Көрнекі сурет.)
Түркия сарбаздары мен әскери техникасы. (Көрнекі сурет.)

Түркия сыртқы істер министрлігі сенбі күні таратқан мәлімдемеде: «Ирак тарапының ауыр қабылдауын ескере отырып,.. Түркия Мосул провинциясындағы әскерін шығаруды одан ары жалғастырады» делінген.

Анкара ол жерде Күрд жұмысшы партиясы сепаратистерінің қарулы топтарына қарсы әскери операция жүргізген еді.

Жұма күні АҚШ президенті Барак Обама Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесіп, Анкараны Бағдатпен қарым-қатынасын қалыпқа келтіру үшін Ирактың солтүстігінен барлық түрік әскерін алып кетуге шақырған.

Әлсін-әлі Түркия жеріне жорық жасайтын күрд сепаратистері базаларына қарсы түрік әскерилерінің жүргізген операциялары Анкара мен Бағдаттың қарым-қатынасына сызат түсірген. Ирак егемендігіне қол сұғып отыр деп Түркияны айыптап, бұл мәселені БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің талқылауына ұсынатыны туралы мәлімдеме жасаған болатын.

XS
SM
MD
LG