Accessibility links

Индонезия: апатқа ұшыраған паромнан 21 адам құтқарылған


Индонезия картасы. (Көрнекі сурет.)

Индонезия картасы. (Көрнекі сурет.)

Индонезияда Сулавеси аралы маңында теңізде апатқа ұшыраған жолаушылар паромынан 21 адам құтқарылған. Жергілікті биліктің хабарлауынша, апат аймағынан екі адамның жансыз денесі табылған.

Бұған дейін құтқарушылар ашық теңізде төрт адамды тірі күйінде тауып, судан шығарғаны туралы хабарланған еді.

Сенбі күні таңертең Сулавеси провинциясының оңтүстік-шығысындағы Колака қаласынан Сива портын бетке алып шыққан паромда, ресми деректер бойынша, 118 жолаушы болған. Түстен кейін Сива портындағы кезекші диспетчерге паром экипажындағылардың бірі апатқа ұшырағандары туралы телефонмен хабарлаған. Бұдан соң пароммен байланыс болмаған.

Индонезия билігінің мәліметі бойынша, паромда 89 ересек адам, 19 бала және он экипаж мүшесі болған.

Қазір апат болған тұста құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

XS
SM
MD
LG