Accessibility links

Air France ұшағы Кенияға шұғыл қонуға мәжбүр болды


Париж әуежайындағы Air France ұшақтары. (Көрнекі сурет.)

Париж әуежайындағы Air France ұшақтары. (Көрнекі сурет.)

Маврикиядан ұшып шыққан франциялық жолаушылар ұшағы, бортында күдікті зат табылған соң, Кенияға апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған.

Полиция өкілі Чарльз Овино бүгін мәлімдегеніндей, Париждегі Шарль-де-Голль әуежайына бара жатқан Air France әуе компаниясының Boeing 777 ұшағының экипажы Мои халықаралық әуежайына шұғыл қонуға рұқсат сұраған. Ұшақ бортында 459 жолаушы мен 14 экипаж мүшесі болған.

Овино ұшақтағы адамдардың барлығы аман-есен қауіпсіз жерге шығарылғанын айтты. Оның сөзінше, ұшақтағы әжетхана кабинасынан табылған белгісіз пакетте бомба болуы мүмкін деген күдік бар. Полиция өкілі қазір сарапшылар күдікті пакеттегі не зат екенін анықтап жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG