Accessibility links

Индонезияда ұшақ апатынан екі адам мерт болған


Екі орындық T-50 ұшағы. (Көрнекі сурет.)
Екі орындық T-50 ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Индонезияда бүгін осы елдің әскери ұшағы жаттығу кезінде апатқа ұшырап, екі ұшқыш қаза тапқан деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Төтенше оқиға Ява аралындағы Джокьякарта қаласы маңында әуе байқауы кезінде болған. Жергілікті телеарнаға берген сұхбатында елдің әскери-әуе күштерінің өкілі маршал Агус Суприатна апат болған аймақтан адамдар әкетіліп, ұшақ сынықтары жинастырылып жатқанын хабарлаған.

Апатқа ұшыраған дыбыстан жылдам ұшатын екі орындық T-50 жаттығу ұшағын Оңтүстік Кореяның Korea Aerospace Industries және АҚШ-тың Lockheed Martin компаниялары бірігіп жасаған деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG