Accessibility links

Сирияда ливандық "Хезболла" қайраткері қаза тапқан


Самир Кантардың (оң жақтан үшінші) Израиль түрмесінен бостандыққа шығар алдындағы суреті. 16 шілде 2008 жыл.

Самир Кантардың (оң жақтан үшінші) Израиль түрмесінен бостандыққа шығар алдындағы суреті. 16 шілде 2008 жыл.

Ливандық «Хезболла» шииттік тобы қайраткерлерінің бірі Самир Кантар бүгін Сирия астанасында Израиль әскери-әуе күштерінің соққысынан қаза тапқан. Бұл туралы ақпаратты осы топтың өкілдері растады деп хабарлады Reuters.

«Әл-Арабия» телеарнасы әуе соққысы Дамаск қаласындағы Джарамана ауданына жасалған деген ақпарат таратты. Самир Кантар Сирияда кімнің жағында соғысқа қатысқаны әзірше белгісіз.

Израиль әскери-әуе күштері Кантардың қазасына қатысы түсініктеме беруден бас тартты. Израиль баспасөз құралдары әуе соққысы «Хезболланың» қару-жарақ қоймаларын нысанаға алып берілгені туралы хабарлаған.

1979 жылы Израиль төрт адам қаза тапқан шабуылға байланысты Кантарды айыптаған. 2008 жылы БҰҰ-ның арағайындығымен Израиль мен «Хезболла» арасында болған тұтқын алмасу нәтижесінде Самир Кантар бостандыққа шыққан. Қамаудан шығысымен ол «Хезболла» жасағына қосылып, осы топтағы ықпалды тұлғалардың біріне айналған.

XS
SM
MD
LG