Accessibility links

Волгоградта көпқабатты үйде жарылыс болды


Ресей картасындағы Волгоград қаласы. (Көрнекі сурет.)

Ресей картасындағы Волгоград қаласы. (Көрнекі сурет.)

Ресейдің Волгоград қаласында бүгін тоғыз қабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болған. Бұл туралы «Интерфакс» хабарлады.

Ресей төтенше жағдайлар министрлігі аймақтық орталығының айтуынша, үйдегі тұрмыстық газ жарылысқа себеп болған.

Төтенше қызметтің дерегі бойынша, оқиға салдарынан екінші қабаттан тоғызыншы қабатқа дейінгі аралықтағы төбе жабындары қирап, құлаған. Жарылыстың соңы өртке ұласқан. Апат болған үйден тұрғындар эвакуцияланған.

Ресей тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің «Интерфакс» агенттігіне айтуынша, көпқабатты үйдің жарылыс болған подъезіндегі пәтерлерде 150-ге жуық адам тұрған. Ол жерден алты ересек адам мен екі бала ауруханаға жеткізілген. Адам қазасы туралы дерек айтылған жоқ.

Тергеу орындары Волгоградта тұрғын үйде болған жарылыс оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлады.

Волгоградтағы төтенше оқиға туралы әлеуметтік желіде жарияланған ақпарат:

XS
SM
MD
LG