Accessibility links

Бомба туралы жалған хабар "Манас" әуежайын әбігерге салды


Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында тұрған қазақстандық «Air Astana» компаниясының жолаушылар ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Бішкектегі «Манас» халықаралық әуежайында тұрған қазақстандық «Air Astana» компаниясының жолаушылар ұшағы. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстан астанасында бүгін таңертең белгісіз біреудің жарлығыш зат қойылғаны туралы электронды хабарламасынан соң «Манас» халықаралық әуежайында әуе рейстері кідіруге мәжбүр болды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.

Суыт хабардан соң әуежайдағы адамдар қауіпсіз орынға шығарылып, әуежай ғимараты мен сол жерден ұшуы тиіс рейстерді Қырғызстан ішкі істер органдары өкілдері мен әуежай қауіпсіздік қызметі бірлесіп бірнеше сағат бойы тексергенімен, жарлығыш зат табылмаған.

Қазақстандық ақпарат құралдарының хабарлауынша, «Манас» әуежайындағы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама салдарынан «Астана-Бішкек» рейсімен келген қазақстандық «Air Astana» компаниясы ұшағының жолаушыларын қауіпсіздік мақсатында сағаттан астам уақыт бойы ұшақ салонынан шығармаған. Кейін әуежай әдеттегідей қалыпты жұмыс режимін жалғастырған.

Қырғызстан құқық органдары әуежайға бомба қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген адамды іздестіріп жатыр.

XS
SM
MD
LG