Accessibility links

Йемен келіссөзінен нәтиже шықпады


Йемендегі қақтығысты тоқтатуға арналған бейбіт келіссөзге қатысушылар. Магглинген, Швейцария.

Йемендегі қақтығысты тоқтатуға арналған бейбіт келіссөзге қатысушылар. Магглинген, Швейцария.

Йеменде үкімет күштері мен шиит көтерілісшілері арасындағы бейбіт келіссөз ешқандай нәтижесіз аяқталды. Келіссөз 17 желтоқсан күні Швейцарияда басталған. Қарсыласушы тараптар 14 қаңтарда қайтадан келіссөз жүргізетін болып тарасты.

Әскерилерден алынған ақпараттарға қарағанда, 19 желтоқсан күні Сауд Арабиясымен шекарадағы Хадж қаласы маңында хусит көтерілісшілермен қақтығыста үкімет әскерінің 28 сарбазы қаза тапқан. Хуситтер мерт болғандар саны 40 адам дейді.

Парсы шығанағындағы араб елдерінен тұратын коалиция наурызда Йемен президенті Абд-Раббу Мансур Хади билігін қалпына келтіру үшін Иран қолдайтын хуситтер позицияларына соққы бере бастаған.

БҰҰ мәліметі бойынша, Йеменде қақтығыстар басталғалы 6 мыңға тарта адам мерт болған.

XS
SM
MD
LG