Accessibility links

Словенияда бір жынысты некеге қарсы дауыс берді


Референдум кезінде дауыс беріп тұрған гейлер жұбы. Любляна, Словения, 25 наурыз 2012 жыл.
Референдум кезінде дауыс беріп тұрған гейлер жұбы. Любляна, Словения, 25 наурыз 2012 жыл.

Словенияда жексенбіде өткен референдумның алдын ала нәтижесі бойынша, словениялықтардың көпшілігі бір жынысты некеге қарсы дауыс берген.

20 желтоқсан күні өткен бір жынысты некеге рұқсат ету туралы референдумда берілген дауыстардың 96 пайызын санағандағы нәтиже бойынша, сайлаушылардың 63 пайызы бір жынысты неке туралы заң жобасына қарсы шыққан. 37 пайызы заң жобасын қолдап дауыс берген.

Парламент наурыз айында "жыныстық теңдік" ұғымын енгізген. Бірақ католик шіркеуі қолдайтын консервативтік топтар бұл мәселені референдумға шығарған.

Заң жобасы қабылданбауы үшін оған Словениядағы 1 миллион 700 мың сайлаушының кем дегенде 20 пайызы қарсылық білдіруі тиіс. Яғни, дауыс беру қорытындысы референдумға сайлаушылардың қанша пайызы келгеніне де байланысты болмақ. Ресми орындар 20 желтоқсан күні түнде бұл көрсеткіш 25 пайыз болғанын айтады.

XS
SM
MD
LG