Accessibility links

Мәскеуде ҰҚШҰ мен ЕАЭО жиыны өтеді


ЕАЭО-ға мүше Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері Александр Лукашенко (солдан оңға қарай) Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

ЕАЭО-ға мүше Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері Александр Лукашенко (солдан оңға қарай) Нұрсұлтан Назарбаев және Владимир Путин. Астана, 29 мамыр 2014 жыл.

Ресей бастаған Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) мен Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдер басшылары бүгін Мәскеуде кездеседі.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков ҰҚШҰ сессиясының күн тәртібінде осы ұйымның бас хатшысы Николай Бордюжаның орнына бас хатшы таңдау және терроризммен күрес туралы мәлімдеме әзірлеу мәселесі тұрғанын хабарлаған. ҰҚШҰ-ға Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мүше.

Ушаковтың сөзінше, ЕАЭО жоғарғы экономикалық кеңесінің сессиясында Ресей қаңтар айынан бастап Украина мен Еуропа Одағы арасында еркін сауда аймағы құрылғаннан кейінгі "бірлескен сақтану шараларын" қабылдауды ұсынбақ.

ЕАЭО 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істей бастаған. Одаққа Ресей, Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан кіреді. ЕАЭО аумағында 180 миллион халық тұрады.

XS
SM
MD
LG