Accessibility links

Биржада доллар тағы қымбаттады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасында бүгін таңертеңгі саудада АҚШ долларының орташа бағамы 349 теңге 12 тиынды құрады. Бұл 18 желтоқсан күнгі таңертеңгі сауда сессиясында болған бағамнан 7 теңге 18 тиынға артық. Биржада бүгін таңертеңгілік саудада 113 миллион 550 мың доллар сатылған.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 350-351 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан ұлттық банкі бұған дейін теңге бағамының нарықтық тәсілдер бойынша түзілетінін хабарлаған. Теңге бағамы әлемде мұнай бағасының және Ресей рублінің арзандауымен қатар құлдырап бара жатыр.

XS
SM
MD
LG