Accessibility links

Мәмбеталин мен Нарымбаевтың соты кешігіп басталды


Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Алматылық азаматтық белсенділер - "алауыздық тудырды" деп айыпталған Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың ісі бойынша сот тыңдауы белгіленген уақыттан бір сағаттай кешігіп басталды.

Алмалы аудандық сотында өтіп жатқан тыңдау Мәмбеталиннің 18 желтоқсан күні судья Марал Жарылғасоваға білдірген қарсылығын қараудан басталды. Судьяға қарсылық білдіру өтінішін аудандық сот төрағасы Қуаныш Әріпов қарап жатыр. Мәмбеталин судьяға қарсылық білдіру себептерін түсіндіріп, адвокаттары мен қоғамдық қорғаушылары оны қолдады. Судьяға наразылыққа прокурор қарсылық танытты. Судья Әріпов кеңесетін бөлмеге кетті.

18 желтоқсан күні сотталушылар мен олардың адвокаттары Жарылғасоваға екі рет қарсылық білдіріп, ол арыздары қабылданбаған еді.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев Facebook-те авторы "Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков" деген кітаптың үзіндісін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған. Белсенділер қазан айында үйлеріне тінту жүргізілгеннен кейін ұсталып, содан бері қамауда отыр. Мәмбеталин мен Нарымбаев өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG