Accessibility links

Мәмбеталиннің судьяға қарсылығын қанағаттандырмады


Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев сотта тұр. Алматы, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Алматының Алмалы аудандық соты "алауыздық тудырды" деп айыпталған азаматтық белсенді Серікжан Мәмбеталиннің судьяға қарсылығын қанағаттандырудан бас тартты. Азаттық тілшісінің соттан хабарлауынша, өтінішті қанағаттандырмау туралы қаулыны сот төрағасы Қуаныш Әріпов оқыды.

Серікжан Мәмбеталин және онымен бірдей айып тағылған Ермек Нарымбаевтардың соты басталған 9 желтоқсаннан бері судья Марал Жарылғасоваға білдірілген осымен үшінші қарсылық қабылданбады.

Сот залына оралған Жарылғасова бұдан арғы сот тыңдауын өткізу тәртібін түсіндірді. Ол келесі сот отырысы 22 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 9:30-ға белгіленгенін айтты.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев Facebook-те авторы "Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков" деген кітаптың үзіндісін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Белсенділер қазан айында үйлеріне тінту жүргізілгеннен кейін ұсталып, содан бері қамауда отыр. Мәмбеталин мен Нарымбаев өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG