Accessibility links

"Талибан" Ауғанстандағы ауданды басып алды


Гильменд уәлаятында жүрген ауған әскері. Ауғанстан, қазан 2015 жыл.
Гильменд уәлаятында жүрген ауған әскері. Ауғанстан, қазан 2015 жыл.

"Талибан" Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд уәлаятында стратегиялық маңызы бар Сангин ауданын басып алды.

Гильменд уәлаяты губернаторының орынбасары Мохаммад Ян Расулиярдың 21 желтоқсанда Азаттықтың Ауған редакциясына хабарлауынша, содырлар Сангин ауданын ауған армиясымен болған бірнеше күндік ұрыстан соң басып алған.

Оның сөзінше, содырлар мұндағы ауған армиясының нысандарын ғана басып ала алмаған. Ұрыс әлі жүріп жатыр.

19 желтоқсан күні Расулияр Facebook-те Ауғанстан президент Ашраф Ғаниге егер орталық үкімет көмек жібермесе, талибтердің Гильменд уәлаятын басып алу қаупі туатынын ескерткен. Ол өткен айда ұрыстан үкіметтің 90 сарбазы қаза тапқанын айтады.

Әлемде өндірілетін апиынның көп бөлігі Гильмендте өсетіндіктен, уәлаят "Талибан" қозғалысының маңызды тірегі саналады.

2014 жылдың соңында АҚШ бастаған халықаралық коалиция Ауғанстандағы миссиясын аяқтап, бұл елден кете бастаған соң шабуыл мен зорлық-зомбылық күшейген.

XS
SM
MD
LG