Accessibility links

Қазақстан ЕО-ның "жақын әріптесіне" айналды


ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Астана, 21 желтоқсан 2015 жыл.

ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини мен Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов. Астана, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстан мен Еуропа Одағы 21 желтоқсанда Астанада етене жақын әріптестік пен ынтымақтастық келісімін бекітті. Құжатқа Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини қол қойды.

Ерлан Ыдырысов: "Келісімде қарым-қатынастың 29 саласы қамтылған. Халықаралық, аймақтық қауіпсіздік пен қарусыздану сияқты саяси мәселелерден бастап, сауда, инвестиция, инфрақұрылымды дамыту сияқты сауда-экономикалық мәселелер және инновациялар, мәдениет, спорт пен туризм, құқық қорғау саласындағы ынтымақтастық бар" деді.

Қазақстан тарабының ақпаратына сәйкес, елдің ЕО-мен сыртқы сауда көлемі 2014 жылдың 11 айында 50 миллиард долларға жетеғабыл болған. Астана мен Брюссель қол қойған етене жақын әріптестік пен ынтымақтастық келісімі ЕО мен Украина, Грузия және Молдова арасында бекітілген жақын саяси серіктестік келісіміне қарағанда әлсіздеу. Бірақ, Ресей мен Орталық Азия елдерімен жасалған келісімдерге қарағанда әлдеқайда күштірек саналады.

  • 16x9 Image

    Светлана ГЛУШКОВА

    Светлана Азаттықтың Астана бөліміндегі тілші болып 2010 жылдан бастап істей бастады. Жоғары білімді ҚарҰУ-де алған. Жеті жыл қалалық жәнереспубликалық арналарда тілші және редактор ретінде тәжірибе жинаған.

XS
SM
MD
LG