Accessibility links

ЕО Ресейге қарсы санкциясын ұзартты


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Еуропа Одағы (ЕО) Ресейге 2014 жылдың 31 шілдесінде енгізілген санкциялар мерзімін жарты жылға ұзартты. Украинадан Қырымды аннексиялап, Донбастағы ресейшіл сепаратистерді қолдағаны үшін енгізілген санкция енді 2016 жылдың 31 шілдесіне дейін сақталады.

Бұл елдің шығысындағы ресейшіл сепаратистердің Украина әскерімен қақтығысы салдарынан құрбан болғандар саны тоғыз мың адамнан асты. ЕО санкцияларды Минскіде қол қойылған бейбіт келісім осы жылдың соңына дейін орындалмайтындықтан ұзартқанын айтады.

Санкция Ресейдің қаржы, энергетика, қорғаныс саласына және және ресейлік бірқатар шенеуніктерге салынған. Санкцияны ұзарту туралы шешім 18 желтоқсанда ЕО елдері елшілерінің жиынында шыққан.

XS
SM
MD
LG