Accessibility links

Мәскеуде ЕАЭО басшылары жиыны өтті


ЕАЭО-ға мүше елдер басшыларының жиыны. Мәскеу, 21 желтоқсан 2015 жыл.

ЕАЭО-ға мүше елдер басшыларының жиыны. Мәскеу, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдер басшылары Мәскеуде ЕАЭО жоғарғы экономикалық кеңесінің жиынына қатысып, одаққа қатысты бірнеше мәселені талқылады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында ЕАЭО-ға мүше Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Армения президенттері одақ жұмыс істей бастаған алғашқы жылдың жұмысын қорытындылап, ары қарайғы интеграциялық процестерді дамыту жолдарын талқылаған. Жиында Украина мен Еуропа Одағы арасында 2016 жылдың қаңтарында еркін экономикалық аймақ іске қосылған жағдайдағы бірлескен іс-қимыл жоспары да талқыланған.

Кездесуде президенттер ЕАЭО-ның 2016 жылға арналған бюджетін бекітіп, келесі жылы ЕАЭО аумағында тасымалданатын тауарларды электрондық түрде декларациялауға шешім қабылдаған.

2015 жылы ЕАЭО-ға Беларусь төрағалық жасады. Одаққа 2016 жылы төрағалық ету Қазақстанға тапсырылды.

XS
SM
MD
LG