Accessibility links

Ресей: Су-24 "қара жәшігін" оқу мүмкін емес


Ресей әскери-әуе күштерінің ұшу қауіпсіздігі қызметі басшысының орынбасары Сергей Байнетов. Мәскеу, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Ресей әскери-әуе күштерінің ұшу қауіпсіздігі қызметі басшысының орынбасары Сергей Байнетов. Мәскеу, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Ресейлік әскерилер Түркия атып түсірген Су-24 бомбалаушы ұшағының бортындағы дыбыстарды жазатын аппараты - "қара жәшік" қатты бүлінгенін және оны оқу мүмкін емес екенін мәлімдеді.

Ресей билігі "қара жәшіктегі" мәліметтер әскери ұшақ 24 қараша күні Сириямен шекарада атып түсірілгенде Түркияның әуе кеңістігіне кірмегенін дәлелдей алады деген үмітте болған. Анкара ұшқыштар елдің әуе кеңістігін бұзды және ескертуді елемеді дейді.

Ресей әскери-әуе күштерінің ұшу қауіпсіздігі қызметі басшысының орынбасары Сергей Байнетовтің айтуынша, "аппараттың іші зақымданғандықтан ұшақ бортындағы мәліметтерді алып, оқу мүмкін емес". Ол Ресей мамандарға жүгінетінін, ал ақпарат алуға "көп уақыт кететінін" айтады.

24 қарашада түрік әскери-әуе күштері «Түркия әуе кеңістігін бұзып, ескертулерді елемеді» деген уәжбен Сирияның солтүстік шекарасында Ресейдің Су-24 ұшағын атып түсіріп, ұшақтағы екі ұшқыштың бірі қаза тапқан. Бірақ Ресей ұшақтың «Сирия әуе кеңістігінен шықпағанын» мәлімдеп, кейін Түркияға қарсы экономикалық санкциялар енгізген.

XS
SM
MD
LG