Accessibility links

Мәмбеталин мен Нарымбаевтың соты кейінге қалды


"Алауыздық тудырды" деп айыпталған Серікжан Мәмбеталин (сол жақта) сотта анасы Анастасия Мәмбеталинамен сөйлесіп тұр. Алматы, 22 желтоқсан 2015 жыл.

"Алауыздық тудырды" деп айыпталған Серікжан Мәмбеталин (сол жақта) сотта анасы Анастасия Мәмбеталинамен сөйлесіп тұр. Алматы, 22 желтоқсан 2015 жыл.

Алматыда бүгін "алауыздық тудырды" деп айыпталған азаматтық белсенділер Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаевтың сот тыңдауы кейінге қалды. Азаттық тілшісінің Алмалы аудандық сотынан хабарлауынша, сот Нарымбаевтың қан қысымы жоғарылап кетіп, сотқа келе алмауына байланысты кейінге шегерілген. Сот бүгін таңертең сағат 9:30-ға белгіленген еді. Сот басталатын уақыттан үш сағат өткен соң ғана судья Марал Жарылғасова бүгін сот тыңдауы болмайтынын және ендігі соттың нақты қай күні болатыны қосымша хабарланатынын айтты.

Адвокаттардың айтуынша, белсенділер бір іс бойынша сотталып жатқандықтан, екеуінің бірінсіз сот жүргізу мүмкін емес.

Ермек Нарымбаевтың әкесі Ерсайын Нарымбаев пен ағасы Арман Нарымбаев сотқа Ермек Нарымбаевты ауруханаға жатқызуды сұрап өтініш беретінін мәлімдеді. Серікжан Мәмбеталин "өткен түні тергеу абақтысына қан қысымы көтерілген Нарымбаевқа үш рет жедел жәрдем шақыртқанын" айтты.

Серікжан Мәмбеталин мен Ермек Нарымбаев Facebook-те авторы "Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков" деген кітаптың үзіндісін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Белсенділер қазан айында үйлеріне тінту жүргізілгеннен кейін ұсталып, содан бері қамауда отыр. Мәмбеталин мен Нарымбаев өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

Мәмбеталиннің анасы сот басталуын күтіп отырғанда ұлының қан қысымын өлшеп, оның жоғары болып тұрғанын айтты.

XS
SM
MD
LG