Accessibility links

Ермек Нарымбаевтың інісін сотта ұстады


Ермек Нарымбаевтың інісі Арман Нарымбаев. Алматы, 22 желтоқсан 2015 жыл.

Ермек Нарымбаевтың інісі Арман Нарымбаев. Алматы, 22 желтоқсан 2015 жыл.

Алматының Алмалы аудандық сотында "Алауыздық тудырды" деген айыппен сотталып жатқан Ермек Нарымбаевтың інісі әрі қоғамдық қорғаушысы Арман Нарымбаевты ұстады. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, судья Марал Жарылғасова бүгін Нарымбаевтың денсаулық жағдайына байланысты сот тыңдауы кейінге қалдырылғанын хабарлаған соңполицейлер сотқа қатысушылардың барлығын сыртқа шығарып, залда Арман Нарымбаевты алып қалған. Оны залдан "судьяның тыңдауда видео түсіруге тыйым салғанына қарамастан видео түсіргені үшін" сыртқа шығармай тоқтатқан.

Кейін Арман Нарымбаевқв сотта Ермек Нарымбаевты қорғайтын адвокат Жанар Балғабаеваны, сосын Серікжан Мәмбеталиннің адвокаты Ермұрат Мұқановты кіргізген. Сотқа жедел әрекет ететін арнайы жасақ сарбаздары тартылып, олар Арман Нарымбаевтың ұсталғаны туралы хаттама толтыра бастаған.

Сот ғимаратының дәлізінде Ермек Нарымбаевтың әкесі Ерсайын Нарымбаев, Мәмбеталиннің анасы Анастасия Мәмбеталина бар.

Бүгін Нарымбаев пен Мәмбеталиннің соты Ермек Нарымбаевтың қан қысымы көтеріліп кетіп, сотқа келе алмауына байланысты өтпей қалған. Судья ендігі сот отырысы ертең өтіп қалуы мүмкін екенін жариялады.

Мәмбеталин мен Нарымбаев Facebook-те авторы "Қазақстан мұсылмандар одағының жетекшісі Мұрат Телібеков" деген кітаптың үзіндісін жариялағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылып жатыр. Белсенділер қазан айында үйлеріне тінту жүргізілгеннен кейін ұсталып, содан бері қамауда отыр. Мәмбеталин мен Нарымбаев өздеріне тағылған айыпты мойындамайды.

XS
SM
MD
LG