Accessibility links

Ұлыбритания Ауғанстанға әскери кеңесшілерін жіберді


Гильменд уәлаятындағы ауған ұлттық армиясының сарбаздары. Ауғанстан, 21 желтоқсан 2015 жыл.
Гильменд уәлаятындағы ауған ұлттық армиясының сарбаздары. Ауғанстан, 21 желтоқсан 2015 жыл.

Ұлыбритания Ауғанстанның Гильменд уәлаятындағы стратегиялық маңызы бар Сангин ауданы "Талибанға" берілді деген хабардан соң бұл уәлаятқа әскери кеңесшілерін жіберді.

Гильменд уәлаяты губернаторы 21 желтоқсанда ауған полициясы өз бекіністері мен Сангиндегі үкімет ғимаратын қоршап тұрған "Талибан" жасақтарына қарсыласып жатқанын хабарлаған. Ол қалаға келетін барлық жолдар "Талибанның" бақылауында екенін айтқан.

Ұлыбритания Гильменд уәлаятына шағын ғана әскерилер тобын әскери кеңес беру үшін жіберген.

Лондонда шығатын Times басылымының хабарлауынша, британияның элиталық арнайы әуе қызметінің 30 әскери қызметкері мен америкалық 60-қа тарта арнайы әскері ауған күштеріне қаланық қорғауға кеңес беру үшін жіберілген.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Reuters агенттігіне әскерилер ұрысқа қатыспайтынын айтқан.

Ұлыбритания Ауғанстандағы әскери миссиясын өткен жылдың соңында аяқтаған. Бірақ бұл елде ауған армиясы мен қауіпсіздік күштерін дайындайтын 450-ге тарта британ әскері бар.

Өткен аптада Пентагон Ауғанстанда қауіпсіздік нашарлап бара жатқанын мәлімдеген.

21 желтоқсанда Ауғанстандағы Баграм әуе базасына жақын маңда мотоцикл мінген жанкешті өзін-өзі жарып жіберіп, америкалық алты сарбаз қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG