Accessibility links

Ақышев: ЕАЭО-ға ортақ ақша шығару талқыланып жатқан жоқ


Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. Алматы, 22 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстан ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев. Алматы, 22 желтоқсан 2015 жыл.

Қазақстан ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдер ортақ валюта құру мәселесін талқылап жатқан жоқ деп мәлімдеді.

"Одақ қызметінің негізі саналатын келісімде ЕАЭО елдерінде мемлекетаралық валюта енгізу туралы ешқандай ереже жоқ. Сондықтан мұндай шаралар талқыланбайды" деді Ақышев бүгін Алматыда өткізген баспасөз жиынында.

Осы айдың басында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та осыған ұқсас мәлімдеме жасаған. "Қазір бұл мәселе күн тәртібінде жоқ" деген Назарбаев 13 желтоқсанда республикалық телеарналардан көрсетілген мемлекеттік ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Бұған дейін ресейлік депутат, мемлекеттік думаның ТМД істері, еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий ЕАЭО елдеріне ортақ валюта шығару жұмысы "ауыр болса да, жүріп жатқанын" мәлімдеген. Оның сөзінше, ортақ ақша евраз деп аталуы мүмкін.

ЕАЭО 2015 жылдың қаңтарынан жұмыс істей бастаған. Қазір одаққа Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения мүше.

XS
SM
MD
LG