Accessibility links

Франция: Полиция Орлеанда шабуылдың алдын алды


Франция ішкі істер министрі Бернар Газнев.
Франция ішкі істер министрі Бернар Газнев.

"Франция құқық қорғау органдары Орлеан қаласында әскерилер мен полицейлерге жасалатын шабуылдың алдын алды". Франция ішкі істер министрі Бернар Газнев осындай мәлімдеме жасады. Оның сөзіне қарағанда, "шабуылға күдікті 20 және 24 жастағы екі француз азаматы ұсталған". Ол "күдіктілердің Сириядағы франциялық "жиһадшылармен" байланыс орнатқанын" айтады. Ұсталғандардың бірі "шабуыл жасауды жоспарлағанын мойындаған".

Газневтің сөзінше, полиция биыл Францияда 10 терактінің алдын алған. 13 қараша күні Парижде 130 адам опат болған бірнеше терактіден соң полиция рейдтер жүргізіп, 360 адамды қамаған. 51 адам түрмеге жабылған. Газнев елде төтенше жағдай жарияланғаннан бері үш мыңнан астам адамға "қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қатер төндіреді" деген күдікпен Франция территориясына кіруге рұқсат етілмегенін айтады.

XS
SM
MD
LG