Accessibility links

Путин: Украина және ЕО-мен сауданы жолға қоюға тырысамыз


Ресей президенті Владимир Путин.
Ресей президенті Владимир Путин.

Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Еуропа Одағы (ЕО) және Украинамен сауда жанжалын шешуге "күш сала беретінін" мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Путин 22 желтоқсан күні "Мен бұл мәселеге әлі бірнеше рет ораламыз деп ойлаймын. Біз серіктестеріміз - Украина және ЕО-мен сауда қатынасымызды дұрыстағымыз келеді" деген.

Путин өткен аптада Ресейдің "экономикалық қауіпсіздігі мен мүдделеріне қатысты төтенше жағдай туғанын" айтып, үкіметке 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Украинамен еркін сауда аймағы қызметін тоқтатуды тапсырған. Украина қаңтардан бастап ЕО-мен еркін саудаға көшеді.

22 желтоқсан күні Ресей премьер-министрінің орынбасары Игорь Шувалов Ресей Украина-ЕО сауда келісіміне қатысты "келіссөзге қатысып, мәміле жолдарын іздеуге дайын екенін" айтқан.

Ресейдің Украина-ЕО арасындағы сауда келісіміне қатысты соңғы келіссөзі 21 желтоқсан күні Брюссельде нәтижесіз аяқталған.

XS
SM
MD
LG