Accessibility links

Израиль мен Украина еркін сауда келісімін жасаспақ


Украина президенті Петр Порошенко.
Украина президенті Петр Порошенко.

Украина президенті Петр Порошенко Киевтің "алдағы алты айда Израильмен еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қою жоспары" бар екенін мәлімдеді.

Порошенко Иерусалимде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен өткен келіссөзден кейін "Украина мен Израиль арасында еркін сауда аймағын құру туралы келісімді бекітеміз" деді.

Порошенко екі ел арасындағы сауда айналымы "бір жылда бір миллиард доллар" болғанын және тараптар мұны көбейтуге мүдделі екенін айтты.

"Біз Израильдің Украинадағы реформаларға көмектескеніне және экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз" деді Порошенко.

Украина бұрын ең ірі сауда әріптесі болған Мәскеумен қарым-қатынасы нашарлаған соң жаңа сауда байланыстарын орнатуға тырыса бастаған.

Мәскеу өткен аптада Украинамен еркін сауда-саттықты тоқтатып, Украинадан келетін азық-түлік өнімдеріне тыйым салды.

Украина осы жылдың басында Канадамен еркін сауда режимін жариялаған. Киев қаңтарда Еуропа Одағымен еркін сауда-саттық жасауға көшеді.

XS
SM
MD
LG