Accessibility links

Мұсылмандар Мәуліт мерекесін атап өтіп жатыр


Мәуліт мерекесіне арналған шарадан көрініс. Астана, 25 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Мәуліт мерекесіне арналған шарадан көрініс. Астана, 25 қаңтар 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Әлем мұсылмандары бүгін Мұхаммед пайғамбар туған айда Мәуліт мерекесін атап өтіп жатыр.

Мәуліт мерекесі мұсылман жыл санауы бойынша күнтізбенің үшінші айы -Раби әл-әууәл айының 12-сі күні басталады. Биыл бұл күн 23 желтоқсанға түсіп тұр. Мұсылмандар сенімі бойынша, Мұхаммед пайғамбар осы айда дүниеге келіп, осы айда қайтыс болған.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандарын Мәуліт мерекесімен құттықтады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл сайын мәуліт мерекесінде мерекелік діни іс-шаралар, конкурстар мен концерттер өткізеді.

XS
SM
MD
LG