Accessibility links

«Әділ сөз» 2 сайттың бұғаулануын тексеруді сұрады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

"Әділ сөз" халықаралық сөз бостандығын қорғау ұйымы, Қазақстан журналистері одағы мен "Ratel.kz" және "Zonakz.net" интернет порталдарының иелері Қазақстан бас прокуроры Асхат Дауылбаевтан аталған екі порталдың бұғаулануына қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрады. "Әділ сөз" ұйымының сайтында жарияланған үндеуде "Ratel.kz" пен "Zonakz.net" порталдарын бұғаулау конституцияның ақпарат алу және оны тарату құқығы туралы бабын өрескел бұзу болып саналатыны" жазылған.

"Ratel.kz" пен "Zonakz.net" биылғы жылдың 9 қыркүйегінен бері бұғатталып тұр. Екі порталдың әкімшілігі де олардың "сот шешімінсіз бұғатталғанын" айтады.

Үндеу иелерінің ұйғарымынша, сайттарды бұғаттау арқылы Қазақстан өзі қосылған Халықаралық азаматтық және саяси құқық туралы пактіні бұзып отыр. Екі порталдың иелері бұғаттан босатуды сұрап прокуратура, инвестиция және даму министрлігінің ақпарат, ақпараттандыру және байланыс комитетіне, "Қазақтелеком" мекемесіне шағымданғанымен, нәтиже шықпағанын айтады.

XS
SM
MD
LG