Accessibility links

Оппозициялық сайт редакторы қамалғаны хабарланды


Оппозициялық Nakanune.kz сайтының редакторы Гузяль Байдалинова

Оппозициялық Nakanune.kz сайтының редакторы Гузяль Байдалинова

Оппозициялық Nakanune.kz сайтының редакторы Гузяль Байдалинованың үш тәулікке қамалғаны туралы "Республика" оппозициялық вебсайтының редакторы Ирина Петрушова хабарлады.

Бұған дейін Байдалинова әріптесі Юлия Козловамен Алматы ІІД-де тергеліп, пәтерлерін полиция тінткен. Полиция өкілдері екі журналиске қарсы "Қазкоммерцбанк" пен басқа да бірнеше тұлға туралы "Республика" мен Nakanune.kz ресурстарында жалған ақпарат таратты деген айыппен іс қозғалуы мүмкін екенін хабарлаған.

Nakanune.kz сайтын бұрын оппозициялық «Республика» басылымында істеген журналистер құрған. «Республика. Деловое обозрение» басылымы мен оның сайты және қосымшалары - барлығы 30 оппозициялық БАҚ 2012 жылы сот шешімімен жабылған. Биылғы мамырда Алматының Медеу аудандық соты Гузяль Байдалинованы Nakanune.kz сайтының меншік иесі ретінде "Казкоммерцбанктің" арызына сәйкес 20 миллион теңге төлеуге және даулы мақаланы сайттан алып тастауға міндеттеген. Банк сайтта жарияланған «Новые па в марлезонском балете “Казкома”» атты мақала беделіне нұқсан келтірді деп шағымданған.

«Әділ сөз» ұйымының жетекшісі Тамара Калеева биліктің оппозициялық Nakanune.kz сайтының редакциясына қатысты әрекетін сынаған.

XS
SM
MD
LG