Accessibility links

Грузия премьері отставкаға кетті


Грузияның отставкаға кеткен премьер-министрі Ираклий Гарибашвили.

Грузияның отставкаға кеткен премьер-министрі Ираклий Гарибашвили.

Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили елдегі парламент сайлауына бір жылдан аз уақыт қалғанда күтпеген жерден отставкаға кеттті.

Гарибашвили 23 желтоқсан күні "Бүгін қызметімнен кету туралы шешім қабылдадым. Лауазымды орнымнан кеткеніммен отаныма адал болып қала беремін" деп мәлімдеді. Ол "енді ғана демократиялық елге айналып келе жатқан Грузияда өмір сүретін жастарға мемлекеттік қызметтің уақытша екенін көрсеткісі келгенін" айтты.

Грузия президенті Георгий Маргвелашвили енді жеті күн ішінде премьер-министрлікке кандидатын ұсынып, оны парламент мақұлдауы қажет. 33 жастағы Гарибашвили Францияда білім алған. Ол 2013 жылы Еуропадағы ең жас премьер атанған еді.

2012 жылы сол кездегі премьер-министр әрі миллиардер Бидзина Иванишвили Гарибашвилиді ішкі істер министрі етіп тағайындағанға дейін ол жұртқа танымал болмаған. Қарсыластары Гарибашвилиді тәжірибесі аз және Иванишвилидің "қолбаласы" деп атайды.

XS
SM
MD
LG