Accessibility links

БҰҰ Ливияға қатысты бейбіт жоспарды бекітті


Ливияның БҰҰ-дағы елшісі Ибрагим Даббаш.

Ливияның БҰҰ-дағы елшісі Ибрагим Даббаш.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ливиядағы өзара жау фракциялар арасында ортақ үкімет құру туралы бейбіт келісім жоспарын мақұлдады. Келісім жоспары БҰҰ-ның ара ағайындығымен қабылданған.

Батыс елдері келісім елде тұрақтылық орнатып, "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының (Қазақстанда тыйым салынған - ред.) ықпалымен күресуге мүмкіндік тудырады дейді.

Ұлыбритания түзген келісімде болашақтағы үкімет 30 күн ішінде құрылатыны айтылған. Ол үкімет Ливия халқы атынан сөйлейтін жалғыз легитимді орган болуы тиіс. Келісім бұған қоса, өзге де елдерді Ливияның ИМ-мен күресіне көмектесуге шақырады.

Ливияның БҰҰ-дағы елшісі Ибрагим Даббаш биліктің жақында Батыс елдерінен ИМ-ге әуе соққыларын жасауға өтініш білдіру ниеті жоқ екенін хабарлады. "Біз ИМ-ге өзіміз қарсы тұрамыз" деді ол БҰҰ-дағы дауыс беру қарсаңында.

Ливияда 2011 жылы президент Муаммар Каддафи биліктен құлатылған соң тәртіпсіздік орнаған. Түрлі қарулы топтар Ливия территориясы мен мұнай кен орындарына бақылау орнатуға тырысып жатыр.

XS
SM
MD
LG